Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер гашиш сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады

Астанада полицейлер гашиш сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады
Фото: polisia.kz

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында экстремизмге қарсы күрес басқармасының полицейлері елордада гашиш сатумен айналысқан шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған 36 жастағы шетелдік азамат ғимараттың ауласында есірткі сатпақ болған жерінде ұсталған. Жеке тінту кезінде ер адамның шұлығынан сұр-жасыл түсті зат салынған 1 пакет, сонымен қатар оның әмиянынан 5 дана осыған ұқсас зат тәркіленген.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Есірткі заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында Астанада шетелдіктің сыбайласы ұсталып, ол да уақытша ұстау изоляторында қамалған болатын. Гашиш есірткі заты есірткі сатушыларға еліміздің оңтүстік аумағынан жеткізілгені белгілі болған. Қазір елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысқан басқа да сыбайластары анықталып жатыр.

Бұған қоса ұсталған адамдар дәстүрлі емес діни көзқарастағы жақтаушылар қатарынан екендігі анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты