Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО прокурорлары 7,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуды тоқтатты - 4 шенеунік қызметінен босатылды

СҚО прокурорлары 7,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуды тоқтатты - 4 шенеунік қызметінен босатылды
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талдау шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствода бірнеше мысал келтірілді.

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу" және "ҚР сәулет-қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарыныңталаптарын бұза отырып, сомасы 3,6 млрд. теңгеге жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарсыз, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген.

Шал ақын ауданында Экономика және қаржы бөлімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы, аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей сомасы 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізген.

Есіл ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Заңның 21-бабын бұза отырып, сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн теңге сомасында көмір сатып алуды жүзеге асырған.

"Қадағалау органының наразылығына байланысты жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде",- деп хабарлады прокуратура.

Жалпы жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 20 мемлекеттік сатып алуды бұзып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

  • 7-уі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін,
  • 4-уі жұмыстан босатылды
  • 3-уі толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Ал, Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді