Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы миллиардтаған бұзушылықтарды анықтады

Елорда прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы миллиардтаған бұзушылықтарды анықтады
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Есіл ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық мемлекеттік мекемелер міндетті түрде тендер өткізбестен таңдалған өнім берушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 23 фактісі анықталды.

Басқа жағдайда, мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, нәтижесінде конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысты.

Бұдан басқа, прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 млн.теңге өндіріліп, жосықсыз мердігерлерден айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша әрекетсіздік фактілері анықталды.

Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 млрд.теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты