Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында жеке сот орындаушысы өз өкілеттігін теріс пайдаланған

Жамбыл облысында жеке сот орындаушысы өз өкілеттігін теріс пайдаланған
Фото: pixabay.com

Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, сот орындаушысы 46 борышкерден өндіріп алынған соммасы 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.

Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 251-бабының 2-бөлігімен (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына жүктелді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады