Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Украинадан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

Украинадан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Фото: pixabay.com

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол 2017-2019 жылдар аралығында Алматыда салынып жатқан үйден пәтер береміндеген сылтаумен азаматтардың жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам мүлкін алдау жолымен иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды.Өткен жылдың қараша айында күдікті Украина аумағында ұсталған.  Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша украиндық тарап күдіктіні елімізгеэкстрадициялау туралы шешім қабылдады.Айта кетері, былтыр Украинаның қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан-Украина өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шыққанына қарамастан, аталған адамды ұстап беру Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы 2018 жылы Қазақстан Бас прокуратурасы жасаған экстрадициялау туралы шарттың арқасында мүмкін болды.Сонымен қатар, Астана мен Киев арасында тікелей әуе қатынасы болмағандықтан, іздеуде жүрген адамды Украинадан Молдова мен Түркия арқылы өткізуге тура келді, ол үшін Бас прокуратураға осы елдерден адамдарды өз аумақтары бойынша транзиттік тасымалдауға келісімін алу қажет болды.Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылып отырған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді