Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған күдікті құрықталды

Шымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған күдікті құрықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған күдікті құрықталды. Ұсталған азаматтың бұрын сотты болғаны анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше айдың ішінде күдікті 21 тұрғынды екі дөңгелекті темір тұлпарсыз қалдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 2,5 млн теңгеге жуық.

Қаскөй көпқабатты үйлердің кіреберісіне кіріп, баспалдақ алаңында қалдырылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Ал дөңгелекті құлыптау құрылғыларын қысқышпен кесіп жүрген.

Күдіктіні тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Рецидивист қамауға алынды.

Әл-Фараби АПБ тергеушілері барлық айғақты жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл заңсыз әрекеті үшін ер адам 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты