Астананың қалыптасуы мен дамуына жылдар бойы үлес қосып келе жатқан зиялы қауым өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Киелі мекен» апталығы аясында қатысушылар «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің жанына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл шара елордадағы Нұра ауданының ашылғанына бір жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылды. Шырша көшеттерін отырғызуға Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Абай Байгенжин, Надежда Петухова, Мұхтар Төлеутаев және т.б.ардагер азаматтар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов шараға қатысушылар Астананың қалыптасу тарихының куәгерлері ғана емес, қаланың дамуына тікелей үлес қосқан қайраткерлер екенін атап өтті.
Елордалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өмірзақ Озғанбаев бүгінгі шараның болашақ ұрпақ үшін өнегелі іс екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртiптiң үлгiсi». «Жасыл аймақ» апталығында ауданда осы күнге дейін 600-ге тарта түрлі ағаш отырғызылды. Ауқымды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.