Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл: Шымкентте алып тұлғаға арналған айтулы іс-шаралар өтті

Биыл Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл: Шымкентте алып тұлғаға арналған айтулы іс-шаралар өтті

Шымкент шаһарының гүлденуіне де өлшеусіз үлес қосты . Ерен тұлға елдің қасиетін, жердің қадірін кемел жүрекпен сезініп, өзі өскен өлкесінің өркендеуі жолында аянбай еңбек етті. Бүгін Шымкенттегі Асанбай Асқаровтың бюстіне гүл шоқтарын қоюға жиналған зиялы қауым өкілдері Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровты осылай еске алды. 

Шараға алып тұлғаның перзенті Жаннет Асқарова, Қазақстанның Еңбек ері, белгілі металлург Аманəлі Əбдіраманов, қоғам қайраткері Сексенбай Тұрысбеков сынды тұлғалар қатысты.

Басты жиын Шымкент қаласы əкімі Мұрат Əйтеновтың қатысуымен 100 жылдық мерейтойға орай «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде ұйымдастырылған республикалық ғылыми конференцияға ұласты. Оған шаһар басшысымен қатар қалалық мәслихат депутаттары мен тарихи тұлғаның көзін көрген азаматтар, ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, бір топ зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен жастар қатысты.

- Асанбай Асқаров есімін ұрпақ жадында жаңғырту үшін бүгінде біршама істер атқарылып жатыр. Қазіргі таңда Шымкентте Асанбай Асқаровтың ескерткіші, ол кісінің атындағы көше мен орта мектеп және мұражай бар. Осыдан екі жыл бұрын шаһарымыздағы дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді. «Тәуелсіздіктің қадірін бодан боп жүргенде емес, осындай еркіндікте, теңдікте, дербестікте білген жақсы. Ол үшін ұлттық санаға, қозғау салмай болмайды. Ұлттық санаға жетпей ұлт болудың қиын екенін ұмытпаған жөн», - деп сөзін түйіндеген қала əкімі конференцияға жиналған қауымды алда болатын мерейлі дата - Республика күнімен құттықтады.

А. Асқаров - Тараз топырағында туып-өсіп, еңбек жолын қарапайым мұғалім боп бастаған. Тағдырдың талай тауқыметін тартса да адамдық, адалдық қасиетін асқақ ұстап, өмір өзегіне кір шалдырмай кеткен азамат. Оның бұл қасиеттері Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып тұрғанда да өзгерген жоқ. Жиында Асқаров жайында естеліктермен бөліскен ардагерлер қауымы оның басшылығымен бой көтерген көпқабатты үйлер мен дендросаябақ, хайуанаттар бағы және өзге де мәдениет үйлері мен спорт кешендері қаламыздың көрнекті жерлеріне айналғанын тілге тиек етті. Ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бүгінгідей конференцияның тарихтан тағылым алып, болашаққа нық қадам жасауға арналған бағдаршам боларын атап өтті.


Мұнан соң,қонақтар Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябақта ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Онда қалалық кітапханалар қорынан жасалған Кітап көрмесімен танысты. Кеш соңында Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрында белгілі жазушы Мархабат Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» қойылымы сахналанды.

 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты