Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бірінші вице-премьер Роман Скляр су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады

Бірінші вице-премьер Роман Скляр су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысын аралауды жалғастырды. Ол Қызылжар ауданының Бескөл, Долматово, Барневка және Большая Малышка ауылдарында бөгеттер мен шұңқырлардағы бекіністерді, сондай-ақ дайындық жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ауылдық округтердің әкімдері Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады, эвакуациялау пунктілерін ұйымдастыру және эвакуацияланған азаматтардың саны туралы есеп берді. Бескөл және Большая Малышка ауылдарында қорғанысты нығайту үшін қосымша экскаваторлар сұралды.

Роман Скляр жергілікті тұрғындар мен бизнес өкілдері үйлерді су басудан қорғау үшін күш біріктіріп, белсенді түрде атсалысып жатқанын атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары полицейлер, құтқарушылар мен ауыл тұрғындарына су тасқынының келеңсіз сценарийіне дайын болу керектігін жеткізді.

«Бүкіл өңірде келеңсіз сценарийге дайын болып, белсенді жұмыс істеу керек. Қызылжар ауданына су Петропавлдан кейін бірден келеді. Бөгеттер мен қорғандарды айтарлықтай нығайтып, құм толтырылған қапшықтардың санын көбейтіп, үйлерді қайта тексеріп үлгереміз. Ешкім қауіпті аймақта қалмауы керек, барлығын эвакуациялау қажет», — деді Роман Скляр.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы, Тайынша және Қызылжар аудандарында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Облыста Су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жедел штаб құрылды. 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында облыста 103 үйді су басып, 678 адам эвакуацияланды, оның 109-ы – балалар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді