Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер төрт бұзақыны ұстады

Талдықорғанда полицейлер төрт бұзақыны ұстады
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда полицейлер төрт бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған полицейлері төрт бұзақыны жауапкершілікке тартты. Олар камералардың арқасында анықталып, “ізін суытпай” ұсталды.

– Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүргізетін инспекторлары облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінің жанында түнгі уақытта өздерін агрессивті ұстаған жастар тобына назарларын аударған. Көп ұзамай олар сауда үйлеріне іргелес көкөніс сататын дүкендердің терезелерін сындырып, билбордтарды, электр шамдарын және аялдаманы шаға бастаған. ЖБО қызметкерлері жақын маңдағы полиция жасақтарын дереу оқиға орнына жіберді, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ЖБО бастығы Айдын Ибраев.

Төрт бұзақы оқиға орнында ұсталды. Белгілі болғандай, құқық бұзушылар NEET санатындағы жастар, яғни еш жерде жұмыс істемейтіндер және оқымайтындар.

– Жас жігіттер тәртіп сақшыларын көріп, жасырынуға тырысқан. Бірақ олардың әрекеттері нәтижесіз болды. Құқық бұзушыларды патрульдік полиция қызметкерлері ұстап алып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартты. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал толық көлемде өтелді, – деп толықтырды А. Ибраев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты