Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2020 жылы отандық ірі төсек-орын өндіруші АҚШ пен Канадаға экспорттық жөнелтулерді жүзеге асырды

"АГФ Групп" ӨК" ЖШС - төсек жабдықтары мен үй тоқыма бұйымдарын тігу бойынша Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған фабрика. Компания тігін өндірісі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Кәсіпорын арнайы киім, мектеп формасы, камуфляж жиынтықтары, төсек-орын өндірісі саласында үлкен тәжірибе жинап, өз дәстүрлерін құрып,  өзін сенімді және адал серіктес ретінде көрсетті. 2015 жылы IKEA швед компаниясымен төсек жабдықтарын жеткізу туралы келісім жасалғаннан кейін өндіріс мамандандырылған болды. Бүгінде өнімнің 95% экспортқа шығарылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Негізгі тігін өнімдері-төсек-орын жабдықтары, атап айтқанда: төсек жаймалары, көрпе жамылғылары, жастықтар, сонымен қатар төсек-орын жиынтығы. Өнім сапасының жоғары деңгейіне сапалы шикізатты, заманауи технологияларды, жаңа жабдықтарды пайдалану, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және білікті мамандардың жұмысы есебінен қол жеткізіледі.


2016 жылы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қолдауымен SUAVE ® және ARUA ® жеке брендтерін әзірлеу бойынша жоба жүзеге асырылды. Тауарлар 100% экологиялық таза мақтадан жасалған және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Фабрикада тігін өндірісі үшін арнайы әзірленген кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Кәсіпорын заманауи зертханалық, тігін және пішу жабдықтарымен толық жабдықталған. Жабдықтар паркі жыл сайын жаңартылып отырады. Сонымен қатар, зауыт қызметкерлері арнайы жабдықталған оқу орталығында міндетті оқудан өтіп, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіреді.


2017 жылдан бастап компания ҚР-да бөлшек сауда бағытын дамытып келеді, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және т.б. қалаларында фирмалық және серіктестік дүкендер бар. Бұдан бөлек, 2020 жылы АҚШ пен Канадаға экспорттық жөнелтулер жүзеге асырылды, Испания мен Финляндиядан тапсырыстар бойынша жұмыс жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді