Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде полицейлер жеткіншекті аңдыған ер адамды қолға түсірді

Семейде полицейлер жеткіншекті аңдыған ер адамды қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Семейде полицейлер жеткіншекті аңдыған ер адамды қолға түсірді, күдікті тәртіп сақшысына пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 ақпан түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жастағы қыздан белгісіз ер адам оны артынан қуып жүргені туралы хабарлама алды. “102” операторына бойжеткен сыртқа шығуға қорқып, дүкенде күтетінін айтты.

Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан, бірақ жігіт қолындағы пышағымен, тәртіп сақшыларына қарай жүгірген.

Учаскелік полицейлер ер адамның дүкеннен кетуі керек екенін түсінді, өйткені ол маңда адамдар болып, зияны тиіп кетуі мүмкін. Агрессивті ер адамның назарын аударып, полицейлер рациямен көмек сұрады, патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келді.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полицей Асхат Ахатовқа күдікті пышақ жарақатын салған. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады.

Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді