Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлдық профиліне террористік ұйымның туын қойғаны үшін жауапқа тартылды

Петропавлдық профиліне террористік ұйымның туын қойғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Петропавлдық профиліне террористік ұйымның туын қойғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны террористік ұйымының туын мобильді қосымшадағы өз аккаунтының профиліне фотосурет ретінде орналастырғаны үшін айыппұл салынды.

Бұл фактіні Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында анықтады. Ер адам орналастырылған суретке Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынған. Нәтижесінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ірі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елге экстремистік әдебиеттерді әкелу әрекетін тоқтатты, сондай-ақ интернет арқылы діни материалдарды заңсыз таратудың 5 фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы тыйым салынбаған ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген стационарлық үй-жайларда таратуға рұқсат етілгендігін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады