Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды

Үкіметте қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Онда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сондай-ақ ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Президент еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері баса назар аударатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы сәуір айында Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері туралы Заңға қол қойды. Еңбек заңнамасындағы қолданыстағы нормалар жаңартылуда. Осы шаралардың барлығы еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша жыл басынан бері 570 кәсіпорында тексеру жүргізіліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10,4 мыңнан астам бұзушылығы анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 523 лауазымды тұлға тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы мөлшері 62,9 млн теңгені құрады. 7 субъектінің қызметі және 695 объект пен техникалық құрылғыны пайдалану тоқтатылды. Қауіпті өндірістік нысандарда жыл басынан бері 12 апат тіркелген, оның салдарынан 5 қызметкер қаза тауып, 6 адам жарақат алған.

Премьер-министр жұмыс берушілер кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауы қажет екенін баса айтты. Осыған байланысты Еңбек министрлігі өндірістік жарақат алу көрсеткіші бойынша барлық ірі кәсіпорындардың басшылары үшін KPI енгізуі қажет. Оның орындалмай қалуы басшылықтың жалақысына және жалпы жұмыста қалуына тікелей әсер етеді.

Қауіпсіздікке, автоматтандыруға және цифрландыруға салынған инвестициялардың қайтарымы да, әдетте бірнеше есеге жоғары екені атап өтілді. 

Бұл ретте еліміздің жекелеген кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қазіргі деңгейінде белгілі бір тәуекелдер бар.

Олардың дені тозығы жеткен жабдықтарды уақтылы алмастырмау, өндірістік бақылаудың әлсіздігі және заманауи қауіпсіздік жүйелерінің болмауына байланысты туындап отыр. Бұл, ең алдымен, тау-кен, мұнай-газ және химия кәсіпорындарына байланысты. Өнеркәсіптің осы салаларын ерекше бақылауда ұстаған жөн.

Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жабдықтарды дер кезінде жаңартып отыру қажет. Бұл ретте, персоналды үздіксіз оқыту мен дайындық деңгейі де өте маңызды.

Аталған салада заманауи цифрлық мониторинг, бейнебақылау және өндірістік процесс пен қауіпсіздікті автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру керек.

Еңбек министрлігінің Еңбек тәуекелдері картасына барлық өндірістік кәсіпорындар, оның ішінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау параметрлері енгізілген.

Алайда, бұзушылықтар кәсіпорындарда ғана емес, сондай-ақ құрылыс нысандарында, қоғамдық тамақтану орындарында да болуы мүмкін. Олар ешқандай мониторингпен және жүйелі тексерулермен қамтылмаған.

Сондай-ақ профилактикалық жұмысты күшейту және шағын және орта бизнес саласындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне баса назар аударылды. Тексерулердің нәтижелері көрсеткендей, ірі кәсіпорындар анықталған бұзушылықтарды жою шараларын тез арада қабылдайды. Бұл төтенше жағдайлар қаупін азайтады.

Мұндай нысандарда тіпті әрбір жұмыскердің орналасқан жерін көрсететін жүйелер де бар.

Жұмысшылар жеке қорғану құралдарымен уақтылы қамтамасыз етіліп, өндірістік процестерді бақылаудың қосымша цифрлық шаралары енгізілуде.

Осындай қағидаттарды барлық өндіріс орындары мен компаниялар басшылыққа алуы қажет екені атап өтілді.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын одан әрі күшейту мақсатында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

Бірінші. Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекеттік еңбек инспекциясына кеңейтілген өкілеттіктер беру бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлесін. Бұл ірі кәсіпорындарда ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласында да еңбек тәртібін нығайтып, қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді. 

Екінші. Тұрғын үйлерге жапсарлас салынған немесе солардың ішінде орналасқан қызмет көрсету ұйымдарына айрықша назар аудару қажет.

Әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп, газ баллондарының сақталуы мен пайдаланылуын бақылау үшін қоғамдық тамақтану орындарына тексеру жүргізсін.

Өңір әкімдіктері жұмыс берушілермен бірге ұжымдық шарттарды жасасу бойынша тұрақты жұмыстарды қолға алсын.

Сонымен қатар жұмыскерлерді, оның ішінде құрылыс және қызмет көрсету салаларында оқыс оқиғалардан сақтандыру шарттарына қол қою қамтамасыз етілуге тиіс.

Үшінші. Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын нақты үйлестіруді және қатаң бақылауды қамтамасыз етсін. Берілген нұсқаулар мен ескертулердің орындалуына және олар бойынша тиісті шаралардың қабылдануына ерекше назар аудару қажет.

Төртінші. Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері жыл соңына дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық платформаны енгізу жұмысын аяқтасын.

Бесінші. Еңбек министрлігі жыл соңына дейін «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» сервистік автоматтандырылған жүйесін Денсаулық сақтау, Әділет, Төтенше жағдайлар, Қаржы министрліктерінің және Бас прокуратураның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша шаралар қабылдасын.

Мемлекет басшысы еңбекті қорғау саласын толық цифрландыру және өндірістегі оқыс оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз ету міндетін қойғаны атап өтілді. 

«Кәсіптік тәуекелдерді азайтуға, өндірістік қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және цифрлық шешімдерді енгізуге баса назар аударылуға тиіс. Қорыта айтқанда, еңбекті қорғау саласындағы жұмысты күшейтіп, аталған мәселені тұрақты бақылауда ұстау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды