Сн, 10 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда мектеп бухгалтері 330 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған

Алматыда мектеп бухгалтері 330 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған
Фото: pixabay.com

Алматы қаласының прокуратурасы тексеріс барысында балалардың қауіпсіздігі саласында бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам заңбұзушылық, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілерінің анықталуы дәлел.

Тексеру нәтижесінде 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, шамамен 60 млн теңге өтелді, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында, оның ішінде оқушылар арасындағы буллингке қатысты, оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін QR-код әзірленді.

Мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында қала прокуратурасы NGS Жаңа буын мектебі алаңында мемлекеттік мектептердегі барлық психологтың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлардың және білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды.

Сонымен қатар прокурорлар 330 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады.

Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде жалақыға арналған бюджет қаражатын бас бухгалтердің ұрлағанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылық мемлекетке 160 млн теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша қаражатын аудару жолымен жасалған.

Осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықтады.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді