Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Прокуратура актісі бойынша ауыз суға тариф төмендетілді

Прокуратура актісі бойынша ауыз суға тариф төмендетілді
Фото: pixabay.com

Тараз қаласының прокуратурасы ШЖҚ «Жамбыл су» МКК қызметіне тексеру жүргізіп, инвестициялық бағдарламаға көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Жыл сайын кәсіпорында желілерді, аспаптарды және басқа жабдықтарды жаңарту жоспары жасалады.

Осы мақсатта ауыз суды тұтынғаны үшін халықтан түсетін қаражат пайдаланылады.

Тексеру барысында өткен жылғы жаңғырту жоспары 24 млн теңгеден астам сомаға орындалмағаны белгілі болды.

Мәселен, прокуратураның қадағалау актісі бойынша халыққа тарифтік мөлшерлемелерді 63,54 теңгеден 62,65 теңгеге дейін, ал коммерциялық нысандар үшін 167,66 теңгеден 165,35 теңгеге дейін төмендете отырып, өтемдік тариф енгізілді.

Осылайша 108 мыңнан астам абоненттің, оның ішінде 5 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін ШЖҚ «Жамбыл су» МКК ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 2,7 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді