Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда компьютерлік клубтан құны 15 млн теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда компьютерлік клубтан құны 15 млн теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Қарағандыда компьютерлік клубтан құны 15 млн теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы компьютерлік клубтың иесі арызданып, белгісіз біреу орталықтан монитор, процессор, жады және видеокарталарын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеру барысында құлыптың бұзылмағанына назар аударған. Сондықтанда полицейлер қаскөйдің кілт таңдаған немесе сол орталықтың кілті оның қолында болған деген болжамға келді. Сонымен қатар ұрлық жасаған күдіктінің қандай заттардың құнды екенін білген деген болжам жасалды.

Алдын ала тергеу әрекеттері барысында сол орталықтан ұрлық болардан бірер күн бұрын 23 жастағы программист болып жұмыс жасаған азаматтың жұмыстан кеткені және онда барлық бөлмелердің кілті болғаны белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты