Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тауарларды таңбалау нарықты тазалайды. 2023 жылы импорттық аяқ киімнен түскен ҚҚС және кеден бажы 30 млрд теңгеден асты

Тауарларды таңбалау нарықты тазалайды. 2023 жылы импорттық аяқ киімнен түскен ҚҚС және кеден бажы 30 млрд теңгеден асты
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тауарларды міндетті таңбалау қорытындылары мен пилоттық жобаларды іске асыру барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша 2019 жылы темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін темекінің барлық түрі бойынша акциз түсімі 46,8%-ға, 191,5 млрд теңгеден 2023 жылы 281,1 млрд теңгеге дейін өсіп отыр.

Тауарларды таңбалап, қадағалайтын ақпарат жүйесіне бүгінде темекі өнімдері бойынша 43 284 қатысушы тіркеліп, 4,1 млрд таңбалау коды енгізілді. 2022-2023 жылдары 12 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз темекі өнімі анықталды.

Аяқ киім өнімдері бойынша ақпарат жүйесіне 3 745 қатысушы тіркеліп, 90,5 млн код енгізілді. Бұл ретте импорттық аяқ киімнен түсетін ҚҚС және кеден бажы 2021 жылы 7,8 млрд теңгені, 2022 жылы 26,4 млрд теңгені (3 еседен астам немесе 338%-ға өсті), 2023 жылы 30,7 млрд теңгені құрады (2022 жылға қарай өсім – 16%).

Міндетті таңбалаудың мұндай нәтижелері сауданы көлеңкелі нарықтан шығару динамикасының жақсарып келе жатқанын көрсетеді.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап пилоттық жоба аяқталып, дәрі-дәрмектердің (7 124 түрі) бөлшек және көтерме саудасы міндетті таңбалауға көшуі тиіс. Әр ауыл мен қалада дәрі-дәрмектерді үздіксіз сатудың әлеуметтік маңызын ескере отырып, Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне «Қазақтелеком» АҚ және банктермен бірлесе отырып, дәрілік заттарды таңбалаудың бизнес-процесін сынақтан өткізу үшін медициналық мекемелерді, дәріханаларды аралап шығу туралы тапсырма берді. 

Қазіргі уақытта дәрілік заттар бойынша тауарларды таңбалап, қадағалайтын ақпарат жүйесіне 563 қатысушы тіркеліп, 19 млн таңбалау коды берілген. Сондай-ақ 2024 жылғы 1 шілдеден бастап зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалау енгізілетін болады.

2024 жылғы ақпан айынан бастап сыра сусындары мен мотор майын таңбалап, қадағалау бойынша пилоттық жобалар басталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді