Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты
Фото: instagram/ablaisultangali

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


Төтенше жағдай 30 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:07-де Әуезов көшесіндегі екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде болған.

"Құрметті тұрғындар, өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке қарай, екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды әкім.

Жарылыстан кейін екінші қабат жартылай опырылған. Ауданы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайды жоюға 45 адам мен 13 техника жұмылдырылған.

Жергілікті жерде жедел штаб ашылған. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Қазіргі уақытта үйінді астынан алты адам шығарылып, Ботақара ауылының Орталық ауруханасына жатқызылған.

"Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында. Қарағанды облысының ТЖ департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді", - делінген жазбада.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады