Дс, 10 ақпан 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды. Күдіктіден аса ірі мөлшерде “синтетика” тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында арнайы рейдтік іс-шаралар кезінде ұстады.

Тексеру барысында Өзбекстан азаматынан 15 орама мефедрон табылды. Тәркіленген психостимулятордың салмағы 20 граммға жуық.

Ұсталған азаматтың интернеттен “жұмыс” тауып, екі ай бойы қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған.

Қазіргі таңда шымкенттіктерді есірткімен улауға айтарлықтай үлес қосқан ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты