Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетушілер көлігімен қоршауға соғылды

Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетушілер көлігімен қоршауға соғылды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетушілер көлігімен қоршауға соғылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайтпас-1 ықшам ауданы тұрғындарының есірткі қойып кетушілер көбейіп бара жатқаны туралы өтініші бойынша ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізді. Жұмыс барысында Volkswagen Polo мінген екі жас жігіт полицейлердің күдігіне ілікті. Тәртіп сақшыларын байқаған жігіттер артқа шегініп қашуға әрекеттеніп, құрылысы аяқталмаған үйдің ауласына кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері жолды жауып тастаса да, көлік қозғалысын тоқтатпай, жеке учаскені қоршап тұрған қоршауға соғылған. Тергеушілер көліктің ішін тексеру кезінде құрамында ақ ұнтақ тәрізді заттары бар 30-ға жуық орама тапты.

Сараптама қорытындысы оның салмағы 30 граммға жуық синтетикалық мефедрон есірткісі екенін көрсетті. Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі қойып кетушілер көлікті өздерінің “жұмысы” үшін жалға алғаны анықталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін оларды 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды