Екібастұз полицейлері департамент бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов пен прокурордың орынбасары Берік Ерембаевтің қатысуымен өткен жылдың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кісі өлтіру, тонау, зорлау, бұзақылық, ұрлық (пәтер, автокөлік ұрлықтары), мал ұрлығы, көлікті айдап әкету, зорлау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстың барлық түрі бойынша төмендеу байқалады.
– Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау 44%-ға жақсарды. Қабылданған шаралармен алаяқтық қылмыс фактілері де азайтылды. Басқармада жасалған алаяқтықтарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы топ құрылды. Есепті кезеңде 80-нен астам қылмыс жасаған 6 алаяқ ұсталды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Өңірде бейнебақылау желісі кеңейтілді. “Қазақтелеком” АҚ, “Қауіпсіз қала” ЖШС қызметкерлері, пәтерлердің меншік иелері, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде екі мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды. Полиция органдары мен халықтың өзара іс-қимылы мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға 1 млн теңгеден астам сомаға көтермеленген қоғамдық көмекшілер тартылады.
Шақарғалиев полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді, сервистік модельге көшуді атап өтті. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктерге тіркеу жүргізу, іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтау және тағы басқалар үшін “Кибер-шериф” борттық кешені сатып алынды – бұл, әрине, қаладағы криминогендік жағдайға оң әсер етеді, желтоқсан айында патрульдік полиция ротасының автопаркі 15 көлікке жаңартылды.
Басшылық заңдылық пен тәртіпті сақтауға, өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұруға, кадр саясатын жетілдіруге ерекше назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша Болат Нұрсейітов қылмысты ашу деңгейін арттыру, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасына сұранысты қатаңдату, есепке алу контингентіне бақылау жүргізу, маскүнемдік пен отбасылық-тұрмыстық қылмыстың алдын алу, жолдағы апаттарды төмендету жөнінде кешенді шаралар қабылдау, сондай-ақ ішкі істер органдарына қызметке сапалы іріктеуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.