Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда жазадан қашып жүрген шетел азаматы ұсталды

Екібастұзда жазадан қашып жүрген шетел азаматы ұсталды
Фото: polisia.kz

Екібастұзда жазадан қашып жүрген шетел азаматы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық істің құжаттарына сәйкес Ресей Федерациясының тергеу органының 2023 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен күдікті С.-ға іздеу жарияланған. Челябі қаласының орталық аудандық сотының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысымен оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай таңдалды.

– Ресей ФедерациясыТергеу комитетінің Челябі облысы бойынша тергеу басқармасы С.-ға қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-баптың 2-бөлігінің тармағында, 213-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген айыппен қылмыстық істі өндіруде, – дейді Павлодар қаласының №63 мекемесінің бастығы Берик Рахимов.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Павлодар облысы Екібастұз қаласында ұсталды.

– Тергеу изоляторының арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері қажетті құжаттарды дайындады. Қазіргі уақытта экстрадициялық қамауға алынған шетелдік азамат Павлодар облысының “№63 мекеме” РММ-де отыр. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қылмыстық қудалау органдарынан қашып, Ресейде кісі өлтіргені үшін іздеуде болған қылмыскерді экстрадициялауға дайындалуда, – деді Павлодар қалалық тергеу изоляторының бастығы.

Айтпақшы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ұстап беру саласындағы құқықтық ынтымақтастық 2002 жылғы 7 қазандағы “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы” Конвенция негізінде жүзеге асырылады.

Ведомствоның айтуынша, ер адам Тәжікстан Республикасының тумасы және азаматы, бұл оның Ресей Федерациясына экстрадициялануына кедергі келтірмейді. Тәжікстан Республикасының төлқұжатымен құжатталған. Осылайша, жақын арада ол одан әрі тергеу әрекеттері мен сот шешімін шығару үшін Ресей Федерациясына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 590-бабына сәйкес оны қылмыстық қудалау үшін Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына экстрадициялауда ешқандай кедергі жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады