Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады

Алматы полициясы шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады
Фото: polisia.kz

Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды. Алматы полициясы бұл қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, жиған-тергендерін беруді талап еткен. Қылмыскерлердің олжасы 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады.

– Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл – 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Айтпақшы, ол зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы біледі. Қылмыстық оқиғаның хронологиясын және барлық дайындық процесін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл ретте бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шетел азаматтары полицияның кәсіби жұмысын ерекше атап өтті.

– Бізді қатты қорқытты. Полиция қызметкерлері жарады. Қылмыскерлерді тез қолға түсірді. Оларға өз атымнан және еліміздің атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді, – деді жәбірленушілердің бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты