Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев атындағы ауданның орталығы Булаевта 16 пәтерлі тұрғын үйде шыққан өртте өрт сөндірушілер 13 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа жылдық «тосын сый», оқиға Булаево қаласындағы 2 қабатты тұрғын үйдің тұрғындарына жаңа жылдың бірінші күні болды. Үйге жапсарлас салынған от жағатын бөлмеде шыққан өрт бірінші қабатта орналасқан пәтерге тез таралды, бұл екінші қабаттағы пәтерлердің тұрғындарын құтқару жолын кесіп тастады. Бірақ № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оның өршуіне жол бермеді, жерлестеріне жедел көмекке келді.
Өртті сөндіру кезінде қарауылдың жеке құрамы жанып жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллонын шығарды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрады. Үйде тұратын аға лейтенант Ғалымжан Байбусиннің сауатты іс-әрекеттерін атап өту қажет, ол өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті қолда бар құралдармен сөндіру бойынша шаралар қабылдады, ал өрт сөндірушілер келген соң адамдарды үйдің екі кіреберісінен эвакуациялауға көмектесті.
Үй тұрғындары өздерінің құтқарушыларына шын жүректен алғыс білдіріп, олардың өмірін сақтап қалуға және ең аз шығынмен шектелуге мүмкіндік берген үйлесімді іс-қимылдар мен жеделдікті атап өтті.
«Жігіттер өте тез келді. Барлығы тез сөндірілді, бәрін дұрыс жасады........ Оларға көп рахмет!»,- деп үй тұрғындарының бірі, 19 жастағы Кирилл Павлов Булаев өрт сөндірушілеріне шын жүректен алғысын білдірді.
СҚО ТЖ департаменті тұрмыста, ең алдымен пештер мен электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбаңыздар.