Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады.– Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.