Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясында арнайы жабдықталған қосымша репродуктивті технологиялар аудиториясы ашылды. Болашақ дәрігерлер енді мұнда, репродуктология, андрология және эмбриология саласының қыр-сырына қанығып, іс-тәжірибе жүзінде жақынырақ танысатын болады. Оларға «ЭКОМЕД» және NGC адам ұрпағын өрбіту клиникалар тобының білікті мамандары дәріс беретін болады.
Бедеулік белең алған заманда, мамандар тапшы. Нақтырақ айтар болсақ, репродуктолог, андрологтар ауадай қажет. Бұл ретте, болашақ дәрігерлерді дәл осы салаларға қарай бағыттау қолға алынып, алғашқы қадамдары да басталып кетті. Арнайы жабдықталған қосымша репродуктивті технологиялар аудиториясында енді ақ халаттылар аталмыш салалардың қыр-сырына қанығып, іс-тәжірибе жүзінде жақынырақ танысатын болады.
Үлгерімі жоғары студенттерге үнемі қолдау көрсетіп жүретін Салтанат Берденқызы бұл жолы да сол әдетінен танбады. Оларды ынталандыру мақсатында шәкіртақы тағайындап, жиында арнайы табыстады. ОҚМА мен «ЭКОМЕД» және NGC адам ұрпағын өрбіту клиникалар тобының бұл алғашқы бастамасы емес. Бұған дейін тығыз қатынаста жұмыс жасап келе жатқан қос тарап бүгін арнайы меморандумға қол қойды.
«ЭКОМЕД» және NGC адам ұрпағын өрбіту клиникалар тобы еліміздің 12 аймағында ашылған. Ондағы 400-ге жуық қызметкер осы уақытқа дейін 16 мыңнан астам сәбидің дүниеге келуіне себепкер болған. Бүгінде еліміздің репродуктивті медицина саласындағы жетекші клиника болып табылатын «ЭКОМЕД» және NGC адам ұрпағын өрбіту клиникалар тобының ғылыми директоры, профессор С. Байқошқарованың ғылыми – практикалық тәжірибесінің арқасында бірегей технологияларды қоса алғанда, қосалқы репродуктивті технологиялар қызметтерінің барлық түрін ұсынады.
20-12-2023, 17:40
Репродуктивті технологиялар аудиториясы ашылды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз