Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қалалық N°4 емханада болып, медициналық мекеменің жұмысы барысымен танысты. Үшінші мегаполистің бас дәрігері хирургия, лаборатория, дәріхана, отбасын жоспарлау, вакцинация, ем-шара кабинеттерін, дарігерге дейінгі бөлме, call және ситуациялық орталықтарды, лор бөлмесін, қаралу бөлмесін, фильтр кабинеттерін аралап шықты.
Қазіргі тағдағы қалада қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты қызылшаның алдын -алу жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбеков емханадағы қызметкерлерге қызылшаға қарсы күрес жұмыстарын, оның ішіндегі
тәуекел тобындағы адамдардың жаппай екпе алуын және ЖРВИ, өкпе қабынуына қарсы профилактикалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен республикалық бюджет қаражаты есебінен аталмыш емханаға 4 кұрал-
жабдық: ЛОР комбайн, цифрлық рентген аппараты, стоматология аппараты және микроскоп сатып алынды. Емханада консультативтік-диагностикалык қызметтердің түрлері ұлгайтылып, 2022 жылмен салыстарғанда сыртқы жолдамалар 28,4%-ға төмендеді.
Өзге де қызметтер түрінің спецификациясынан үнемделген қаржы есебінен емхана ғимаратының іші мен сыртына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, эстетикалык көрінісі жақсартылган. Емхананы аралау барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қыскы
маусымда орын алуы ықтимал мәселелеріне дайындық жұмыстарын жақсылап реттеуді тапсырды.
Дәрілік заттардың тиімді, ысырапсыз пайдалануы бас дәрігердің бақылауына алынып, денсаулығына байланысты дәрі алуға жататын тұрғындарды толық қамтамасыз ету мақсатында 1С+КМИС интеграцияланды. Сондац-ақ, мұндағы емхана ішіндегі дәріхана GPP стандартына өткен.
20-12-2023, 00:57
Емханалардағы ахуал басқарма басшысының назарында
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз