Биыл Шымкент қаласының прокуратурасы 3 мың 800 кәсіпкердің құқығы қорғап, 5 әкімшілік кедергіні жойыпты. Сонымен қатар 3 мыңнан астам салық бұйрықтары мен сот орындаушыларының шектеуі мен тыйым салу шараларын жойылған.
Әкімшілік қаулылардың күшін жою және өзгерту арқылы 200 млн. теңгеден астам сомаға 347 кәсіпкердің материалдық мүдделері қорғалды. Мемлекеттік кірістер органдары 91 салық төлеушіні заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Мәселен «Шымкент сушар» мекемесі қатты тұрмыстық қалдықтарын қабылдау шарты бойынша 105 кәсіпкерге аванстың 50% пайызын төлеуге мәжбүрлеген.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез-келген әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде қарастырылуы керек деп атап өткен болатын.
Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 365-бабында көзделген. Мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануға әкеп соғады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Прокуратура органдары өкілдерінің бірлесіп атқарған шаралары нәтижесінде көптеген келеңсіздіктер жойылуда.
19-12-2023, 23:45
347 кәсіпкердің материалдық мүддесі қорғалды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз