Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында бруцеллез жұқтырған адам саны артты

Жетісу облысында бруцеллез жұқтырған адам саны артты
Фото: pixabay.com

Жетісу өңірінде санитарлық дәрігерлер бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өскенін мәлімдеді. Бруцеллез жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 43,7 пайызға өсіп, қазірдің өзінде 116 адам ауруға шалдыққан. Ауруханаға жатқызылғандардың 27-сі кәмелетке толмаған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында эпидемиялогиялық жағдай нашарлады. Бұл аудандарда ауру тіркелу көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 1,6-3,2 есеге жоғары", - деді Жетісу облыстық СЭҚД басшысының орынбасары Индира Күнбасова.

Ведомство мамандары науқастардың басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын және бруцеллезді негізінен жануарлардан жұқтырғанын айтты.

"Инфекцияның негізгі көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары. Бұл инфекция негізінен қой, ешкі, сиыр, түйе, сондай-ақ шошқа мен иттен жұғады. Ағзаға инфекция сүт және жеткіліксіз деңгейде өңделген ет өнімдері арқылы түседі. Сонымен қатар ауру малды күту, жүнін қырқу, сою, терісін сыпыру, көбінесе жаңа туған қозыларды төлдеу кезеңінде тамақтандыру кезінде жеке гигиена ережелерін сақтамау да ауру жұқтыруға әкеледі" - деді санитарлық дәрігерлер.

Бруцеллезді емдеуден кейін оңалу мерзімі ұзаққа созылуы мүмкін. Егер емдеу кешіктірілсе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.

Жануарларды күтіп-бағуға байланысты барлық жұмыс арнайы қорғаныш киімдерімен жүргізіліп, жеке гигиена ережелері сақталуы керек, деп ескертті ведомстводағылар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты