Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды

Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды
Фото: polisia.kz

Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді.

Қалалық мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істейтін 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды.

– Жедел мәліметтерге сәйкес, күдікті өз жұмыс орнында есірткі сатумен айналысқан. Оның қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталған: қамауға алынар алдында ол “клиентке” синтетикалық есірткінің дозасын сатқан. Ұстау барысында күдіктіден ақ түсті, ерекше иісті, ұнтақты заты бар байлам табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушы қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді