Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңатаста мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан

Жаңатаста мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан
Фото: pixabay.com

Сұмдық оқиға Жамбыл облысының Жаңатас қаласында орналасқан мектеп-интернатта орын алған. Мектеп әкімшілігі 13 жастағы қызды Қаратау қаласына апарып, түсікті жеке гинекологқа жасатқан. Бұл оқиғадан ата-анасы хабарсыз болып шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл мамыр айында Жамбыл облыстық полиция департаментіне қыздың ата-анасы арызданған. Олар 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы ақпарат берген.

Жәбірленушінің ата-анасының сөзінше, бастапқыда 55 жастағы ер адам қызына телефон сыйлап, арам ойын жүзеге асырған. Қыз жүктілігін білген соң, бар шындықты анасына айтуға оқталғанда ер адам жоғары лауазымды қызметте таныстары барын алға тартып, қауіп төндірген.

Бүгінде Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бөлімінің 4-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айыпталушының зорлау жасағаны дәлелденді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қараша айында қылмыстық іс сотқа жолданды. Мектеп басшылығына қатысты ҚР ҚК 434-бабы, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол аяқталғанша ештеңе айта алмаймын. Күдікті «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген», – делінген департамент хабарламасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты