Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді: адам шығыны бар

Павлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді: адам шығыны бар
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қараша күні сағат 02.40-та Ақсу қаласы Абай-Молодежная көшелерінің қиылысында Renault Symbol көлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, онда жолаушы қайтыс болды.

Сол күні сағат 06.15-те Ақтоғай-Харьковавтожолында ВАЗ-21134 автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті кюветке аударып жіберді. Жол апатынан жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

– Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, осы жылы облыс жолдарында 409 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 67 адам қаза тауып, 506 адам жарақат алды. Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді