Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қазпошта» филиалдарының бірінен 200 млн теңге ұрланды

«Қазпошта» филиалдарының бірінен 200 млн теңге ұрланды
Фото: post.kz

Компания ішкі тергеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар туралы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлер 2019-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын қаржылай заңбұзушылыққа жол берген.

«Тексеру материалдары процессуалды шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ залал келтірілген соманы өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұдан бұрын "Қазпошта" басшысы Әсел Жанасова порталымыздағы компаниядағы жемқорлық пен жетімсіреген қазақ тілі, миллиардтаған шығындар мен 35 мың жалақы туралы кең көлемді сұхбат берген.

Оның айтуынша,  компания өткен жылды шығынмен қорытындылады. Мәселен, табыстың өсімі 6% болса, шығындардың өсімі жылына 11% өсіп отырған. Соңғы үш жылдағы шығынды қарасақ, әр жыл сайын 40% өсе берген. Осылайша Қазпошта 2022 жылы минус 2 млрд шығынға батқан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді