Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес талқыланды

ІІМ-де нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес талқыланды
Фото: polisia.kz

ІІМ-де ведомствоаралық штаб отырысында өңір әкімдерінің онлайн қатысуымен мемлекеттік органдардың басшылары Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуын талқылады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев қылмыстық қудалау органдары үшін есірткіні сараптау мәселесі өзекті екенін айтты. Ол “дәстүрлі” есірткілерді сараптамадан өткізу 10 күнге дейін, ал синтетикалық препараттарды тексеру бір айдан астам уақыт қажет ететінін атап өтті. Ал сарапшылардың шешімінсіз күдіктілерге бұлтартпау шарасын таңдау мүмкін емес. Бұл қылмыскерлердің жауапкершіліктен жалтаруына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан отырыста сот сараптамасы орталықтарының зертханалық жабдықты сатып алуы үшін бөлінген қаржыландыруды уақтылы және толық игеруді қамтамасыз ету ұсынылды. Әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлу тапсырылды.

Отырысқа қатысушылар кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі таратуға жиі тартылатынын назарға алды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделетіні еске салынды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов өткен жылмен салыстырғанда бұғатталған есірткі сайттарының саны екі есеге артқанын атап өтті. Мұндағы басты міндет – мұндай сайттарды анықтау ғана емес, сонымен қатар оларды бұғаттаудың жеделдігі. Бұған бейінді министрліктің күш-жігері бағытталған.

Қазақстандағы OLX өкілдігімен тиісті келісімге қол жеткізілді. Қазір елімізде әлеуметтік желілердің өкілдігін ашу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Есірткіге қарсы штаб отырысында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берілді. Олар нашақорлықтың алдын алудың толыққанды жүйесін ұйымдастырумен, сондай-ақ әрбір облыс орталығында медициналық-әлеуметтік оңалту жүргізе отырып, наркологиялық көмектің толыққанды жүйесін дамытумен байланысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді