Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт ашылады

Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт ашылады
Фото: pixabay.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметі құжат әлі Үкіметтің қарауында жатқанын айтады.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі. Институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселесін, итбалық пен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді» делінген ведомствоның ресми ақпаратында.

Министрлік мәліметінде институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық бағыттары бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат жинақтайтыны айтылған. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді іс-шаралар қабылдауы үшін негіз болмақ.

«Мемлекет басшысы кешенді іс-шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысында Каспийді зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институт ашу - мәселені жан-жақты зерделеуге, ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», - дейді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Институтты 2023 жылдың аяғына дейін ашу көзделген

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты