Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

20 бас ұсақ мал жүк пойызының астына түсті

20 бас ұсақ мал жүк пойызының астына түсті
Фото: polisia.kz

20 бас ұсақ мал жүк пойызының астына түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 9 айында жалпы еліміздің темір жолында 873 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді, оның ішінде 480 бас жылқы, 240 бас ірі қара мал, 79 ұсақ мал. Оның айтуынша, поездардың үй жануарларын қағып кетудің негізгі себептері – мал иелері тарапынан жіті бақылаудың болмауынан. Сондай-ақ, жергілікті атқару органдары тарапынан тиісті жұмыстардың жүргізілмеуінің салдары мемлекетті үлкен шығындарға және пойыздар кестесінің өзгеруіне әкеп соғатынын айта кеткен жөн.

– Мәселен, 11 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының Уголки – Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдарда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 20 ұсақ мал пойыз астына түсті. Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 34 минутты құрады. Тексеру барысында үй жануарларының иесі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны анықталды.

Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559- бабы 1-бөлігімен (Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.

Шұғыл тежеуді қолдану кезінде туындаған жоғарыдағы мәселелерден бөлек, локомотив бригадалары мен жолаушылардың өміріне қауіп төніп, жарақат алулары мүмкін. Осыған орай, көлік полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелері темір жол бойында мал жаюға жол бермеуі, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да еске салады.

Құқық бұзушылық орын алған жағдайда ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық жасағыны үшін жыл басынан бері 975 азамат жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді