Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды
Фото: polisia.kz

Астана қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапсырыспен жасалған кісі өлтірудің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

 Аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі азамат –тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды. Қылмысқа тапсырыс беруші ысырап болған мүлік үшін жауапкершілікті алғысы келмей одан жалтарғаны себеп болған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында қылмысқа қатысы бар азаматтар Астана-Көкшетау тас жолында ұсталды.

«Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді», - дейді Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оларға қатысты адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру  іс-шаралары жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады