Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда жалған террорист “SOS” батырмасын пайдаланған

Петропавлда жалған террорист “SOS” батырмасын пайдаланған
Фото: polisia.kz

Петропавлда жалған террорист “SOS” батырмасын пайдаланған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қазан күні түскі сағат 13:40 шамасында Қазақстан Конституциясы және Казахстанская правда көшелерінің қиылысында тұрған “SOS” дабыл батырмасын басқан белгісіз ер азамат “102” пультіне қоңырау шалып, қаланы жарып жіберемін деп қорқытқан. Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел арнаға хабарласқан ер адамды тез арада ұстады. Ол Өскемен қаласының бұрын бірнеше мәрте сотталған 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Оның айтуынша, бұл әрекетіне өміріндегі жеке мәселелері себеп болған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында ер адамның осындай әрекетке неліктен барғаны анықталатын болады.

Полицейлер ескерткендей, жалған терроризм актілері құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын ауқымды түрде жұмылдыру арқылы осы ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуін бұзады. Заңмен бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған.

ҚР ҚК-нің 273-бабы бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартуды не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді