Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы орталықазиялық әріптестерімен бірге Германия экономикасы Шығыс комитетінің (ГЭШК) дөңгелек үстеліне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының негізгі мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Біздің аймақ – Еуразия кеңістігін байланыстырушы бірегей стратегиялық орталық. Негізгі сауда-экономикалық дәліздер елдеріміздің аумағы арқылы өтеді. Қазақстанда мол пайдалы қазбалар қоры бар. Мұның бәрі Германиямен және жалпы Еуропа Одағымен сауда-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға кең жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Германиямен арадағы аймақтық сауда-экономикалық байланыстарда Қазақстанның маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, өзара қарым-қатынасты нығайту және оны жаңа деңгейге шығару жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

– Біз маңызды шикізат тауарлары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Бүгінде сирек кездесетін металдарға әлемдік сұраныс ұсыныстан едәуір көп. Мемлекеттердің болашақтағы технологиялық дамуы осы үрдісті күшейте түседі. Қазақстан Орталық Азияның басқа мемлекеттері сияқты, Еуропа Одағына қажетті аса маңызды металдар мен минералдардың орасан зор қорына ие. Оларды бірлесіп өндіруде ғана емес, қайта өңдеу ісінде де бұл бағыттың перспективасы зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кездесу қатысушыларына жуырда германиялық HMS Bergbau компаниясының басшылығымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта литий өңдеу кешенін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені жөнінде мәлімет берді. Инвестиция көлемі – 500 миллион доллар.

– Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығымыз да мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Linde компаниясының карбамид өндірісіне арналған газды толық өңдеу жобасын жүзеге асыру бұл іске тың серпін береді. Инвестицияның жалпы көлемі 1,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, көмірсутегі шикізатын жеткізу, жаһандық азық-түлік  қауіпсіздігін күшейту, көлік-транзит және қаржы салаларындағы кооперация өзара қарым-қатынастың басқа да басым бағыттарының қатарына кіреді.

Президент кездесуге қатысушылардың назарын орнықты даму және жасыл экономика салаларында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына аударды.

– Қазақстан аймақтық климат мәселесін ілгерілетуге жан-жақты атсалысуға дайын. Біз неміс серіктестерімізді 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Аймақтық климаттық саммитке қатысуға шақырамыз. Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алдық. Алайда ол үшін бізге экономиканы айтарлықтай жаңғыртып, «жасыл» технологияға 600 миллиард доллардан астам инвестиция тарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзінің соңында аталған кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетіне сенім білдірді

Жиында аймақ мемлекеттері басшыларымен қатар, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер, сондай-ақ Linde, Knauf, Aurubis, German Seed Alliance GmbH, Ernst Klett AG және басқа да неміс компанияларының топ-менеджерлері баяндама жасады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты