Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пеші жоқ тұрғындарға көмек береміз - Танат Айдарбеков

Пеші жоқ тұрғындарға көмек береміз - Танат Айдарбеков

Бұған дейін түрлі БАҚ беттерінде Талғар ауданы Кеңдала ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлер қыста жылусыз қалуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Осы мәселеге байланысты бүгін аудан әкімі Танат Айдарбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Тілшілер қатысқан жиында әкім Кеңдала ауылында блоктық-модульдік қазандықтар (БМҚ) салу үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатқанын айтты.

Аудан әкімінің айтуынша, әзірленетін жобалардың жалпы саны - 19. Оның ішінде А.И. Смыков көшесіндегі № 24, 49, 49а, 53, 59 көппәтерлі үйлерге газ беру үшін БМҚ салу да бар. Қажетті құжат биыл желтоқсанда жасалып бітеді. Жобалардың барлығы бюджет есебінен жүзеге асырылмақ. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр.
 "Талғар ауданы орталықтандырылған жылудан 1998 жылы ажыратылған. Сол себепті кей көппәтерлі үйлер көмірмен, электр қуаты пешімен жылытылып келе жатыр. 2018 жылы Талғарға газ жүйесі келе бастады. Сол уақыттан бері БМҚ-лар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ, арада белгілі себептермен үзілістер болған", - деді әкім.
Сондай-ақ әкім тұрғындар шағымданған соң әкімдік мамандары Кеңдала ауылына барғанын да атап өтті. Кездесуде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мамандар үйлерді аралап шыққан. Нәтижесінде кей пәтерлерде пеш жоқ екені анықталған.
"Тұрғындардың кейбірі биыл газға қосыламыз деп пештерін алғызып тастаған. Біз оларға демеушілер есебінен көмек көрсетеміз", - деді Танат Айдарбеков.
Айта кетейік, Талғар қаласында 33, Бесағаш ауылында 2 блоктық-модульдік қазандық бар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады