Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әкімдік пен президент резиденциясын басып алу ісі: 7 адам тағылған айыппен ішінара келісті

Алматыда әкімдік пен президент резиденциясын басып алу ісі: 7 адам тағылған айыппен ішінара келісті
Фото: Zakon.kz

Алматыда 2022 жылғы қаңтардағы жағдай кезінде Алматыдағы әкімдік пен президент резиденциясын басып алу ісі бойынша соттың бірінші отырысы өтіп, онда айыпталушыларға айыптау актісі оқылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотқа барлығы 11 адам тартылды, олардың біреуі қамауда, қалған 10 айыпталушы үйқамақта отыр.

Бүгін прокурор Ахат Естібек айыптау актісін оқыды. Барлық 11 сотталушыға екі бап бойынша айып тағылды: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздік" және ҚР ҚК 269-бабының 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу".

Прокурор айыптау актісін оқып болған соң, судья сотталушыларға сөз берді. Олардың жетеуі тағылған айыппен ішінара келіссе, төртеуі келіспейтінін айтты.

Келесі отырыс 10 қазанға жоспарланған.

2022 жылғы қаңтар айының басында Қазақстанда сұйытылған газ бағасының екі есе өсуіне қарсы жаппай наразылық болды. 2 қаңтарда Жаңаөзенде митингілер өтіп, кейін Ақтау, Атырау және еліміздің басқа да қалаларында оларға қолдау көрсетілді. Алайда кейін бейбіт шеру жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Әсіресе Алматы зардап шекті. 5 қаңтарда қаруланған топ қала орталығын қиратып, әкімдік ғимараты мен жанындағы президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция ғимараттарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады