Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп оқушысын аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсірілді

Түркістан облысында мектеп оқушысын аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсірілді
Фото: Келес Аудандық Полиция Бөлімі/facebook

Полиция қызметкерлері Түркістан облысындағы жасөспірімдердің төбелесіне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

21 қыркүйекте Келес аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11-сынып оқушыларының төбелесіп жатқанын хабарлаған.

"Оқиға орнына Түркістан облыстық ІІД мен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы дереу барды. Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы екі оқушысы өзара сөзге келген. Олардың бірі көрші мектептегі жоғары сынып оқушысын шақырып, сыныптасын соққыға жыққан. Соның салдарынан жарақат алған 11-сынып оқушысы ауруханаға түсті. Қазір ол емделіп жатыр. Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды", - деді аудандық полиция қызметкерлері.

Оқиға куәгерлері төбелесті видеоға түсірген. Ол әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Ресми мәлімет бойынша, бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкрелерінің мәліметінше, бұған дейін Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен облысқа қарасты 17 ауданда полиция, әкімдік пен мектеп ұжымы жиналып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында бірқатар іс-шарады ұйымдастырған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді