Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралдағы кардиологиялық орталыққа 2,7 млн теңге айыппұл салынды

Оралдағы кардиологиялық орталыққа 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Фото: pixabay.com

«Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының облыстық кардиологиялық орталығы» КМК қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, кәсіпорын тексеруден өтпеген медициналық жабдықтарды: электролиттік анализаторды, психрометриялық ВИТ-2 гигрометрін, дефибриляторларды, автоматты гематологиялық анализаторларды, қарқынды терапияға арналған өкпені жасанды желдету аппараттарын қолдануға рұқсат берген.

Айта кету керек, мұндай сенімді емес медициналық өлшеу құралдарын қолдану – аурулардың дұрыс емес диагнозына және медициналық қызметтердің сапасыз көрсетілуіне әкелуі мүмкін.

Әкімшілік хаттаманы жасауға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен келіп түскен материалдар негіз болған.

"Қысқартылған іс жүргізу құқығын пайдалану, бұзушылық фактісін тану, 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге келісу және шағымдану ниетінің болмауына байланысты мекеме жеті тәулік ішінде 2,7 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл төледі", - делінген комитет хабарламасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады