Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да 75 сейсмикалық қауіпті елді мекен бар

ШҚО-да 75 сейсмикалық қауіпті елді мекен бар
Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында  Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алдын алу басқармасының инженері Нұрболат Өтеев Шығыс Қазақстан аумағында  6-дан 9 балға дейінгі сейсмикалық әсерлер болуы мүмкін екенін және  75 сейсмикалық қауіпті елді мекен бар екенін брифинг барысында айтып өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

- "6 балдық аймақта Шемонаиха ауданы, 7 балдық аймақта - Өскемен және Риддер қалалары, Алтай және Самар аудандары, сондай-ақ Глубокое, Күршім, Ұлан аудандары, 8 балдық аймақта - Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай аудандары, 9 балдық аймақта-Катонқарағай ауданының таулы жерлері орналасқан", - деді Нұрболат Өтеев.

Соңғы 10 жылда ШҚО аумағында 2-ден 6 баллға дейінгі жер сілкінісінің 24 жағдайы тіркелді, зардап шеккендер болған жоқ.

2020 жылғы 14 қазанда "Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенінің Жол картасы бекітілген. Нұрболат Өтеевтің келтірген мәліметі  бойынша, ағымдағы жылы облыс аумағында білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде 1030 сейсмикалық жаттығулар, облыстың 1352 оқушысы мен оқытушысын қамтитын интерактивті сабақтар өткізіліпті. Жыл басынан бері сейсмикалық қауіпті болып табылатын 2 қала мен 9 ауданда жер сілкінісі болған жағдайда іс-қимылдар бойынша жадынамалар тарата отырып, тұрғын үйлерді аралап, насихат жұмыстары жүргізіліпті.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында "Қазселденқорғау" Шығыс Қазақстан филиалы бастығының орынбасары Омар Дүзгімбаев облыс аумағында бар 144 мореналық көл 11 елді мекенге қауіп төндіретінін, 13 селдің пайда болу ошағын құрайтынын айтып өтті.

- " Өңірде сел көшкіні  жүру қаупі бар учаскелер сирек кездеседі. Бұл Алтай, Катонқарағай, Зайсан және Риддер қалаларында орналасқан Громотуха, Уба, Черновая, Хамир, Бұқтырма және Кендірлік өзендерінің бассейндері. 2023 жылғы 15 мамырдан бастап сел жүру қаупі бар кезеңге облыс бойынша 10 бақылау гидропосты ашылды, оның ішінде 9 маусымдық және 1-і жыл бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ШҚО-да қазір жағдай тұрақты, - деп атап өтті О. Дүзгімбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда