Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 2026 жылға қарай IT-қызметтердің экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр

Қазақстанда 2026 жылға қарай IT-қызметтердің экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IT-саланы дамыту аясында жаңа міндеттерді іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазіргі уақытта мемлекеттік саясат Қазақстанда инновациялық экожүйені қарқынды дамытуға бағытталғанын атап өтті. Бұған адами капиталдың сапасын жақсарту, IT-инфрақұрылым мен венчурлық қорларды құру, шетелдік технологиялық компанияларды тарту және жергілікті стартаптар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кіреді.

Соңғы жылдары мемлекеттің белсенді саясатының нәтижесінде IT саласына қызығушылықтың күрт өсуі байқалды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарындағы тиісті факультеттердегі студенттер саны артып келеді. Заманауи IT-мектептер инновациялық экономиканы құру үшін қажетті мамандар базасын толықтырады. TechOrda бағдарламасы аясында қазақстандықтар ваучерлік жүйе бойынша жетекші жеке меншік IT-мектептерде оқи алады. Болашақта білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытушыларды даярлауға ваучерлер бөлу және IT-факультеттерде сапа стандарттарын енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Министр қазақстандық IT-қызметтердің экспортын ұлғайту үшін жақын арада Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыста Silkroad hub өкілдіктері ашылатынын атап өтті. Сондай-ақ білікті мамандарды тарту үшін Digital Nomad Visa жобасы іске асырылатын болады.

Сонымен қатар республика өңірлерінде жаңа технологиялық хабтар ашу жұмыстары жалғасады. Бүгінгі таңда 9 алаң ашылды, жыл соңына дейін тағы 4 хаб іске қосылады деп жоспарлануда.

Бүгінде Қазақстан нарығында стартаптарға $145 млн инвестиция салған 24 венчурлік қор жұмыс істейтіні атап өтілді. Алайда венчурлік келісімдер санының өсуіне қарамастан, қаражат тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі нарық өкілдерімен бірлесіп, венчурлік индустриядағы шектеулерді алып тастайтын заңнамалық бастамаларды әзірлейді.

Сонымен қатар жасанды интеллект саласын дамыту жалғасады, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Каспий маңы оптикалық инфрақұрылымы мен деректерді өңдеу орталықтары пайдалануға берілмек. Сондай-ақ IT-инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ құру жоспарланып отыр.

Отырыс барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік IT-хабтардың жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ жеке меншік «Most Hub» технопаркінің басшысы Мират Ахметсадықов және «Kwaaka» стартапының негізін қалаушылардың бірі және техникалық директоры Мақсат Қадыров сөз сөйледі.

Премьер-Министрдің айтуынша, қазіргі таңда IT-индустрия – әлемдік экономикадағы ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі. Сарапшылардың пікірінше, биыл жаһандық IT-нарықтың көлемі $4,5 трлн-ға жетеді.

«Президент өз Жолдауында 2026 жылға қарай IT-қызметтерінің экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізуді тапсырды. Бұл – нақты іске асыруға болатын міндет», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының сөзінше, соңғы жылдары Қазақстан IT-секторды дамытуда айтарлықтай серпіліс жасады. Ірі әлемдік компаниялар мен инвесторлар тартылуда. Жергілікті стартаптар үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

«Тек 3 жылдың ішінде IT-қызметтердің экспорты 5 есе өсті. Осы жылдың қорытындысы бойынша ол $500 млн-ға жетуі мүмкін. Осы міндетке қол жеткізудегі негізгі драйверлер IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуы тиіс», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы осы салада біліктілігі жоғары мамандар даярлау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту, ол үшін ірі бизнесті тарту талап етіледі.

«Әлемдік трендтер тез өзгеруде. Бүгінгі таңда жасанды интеллектке негізделген нейрожелілер белсенді дамып келеді. Қазірдің өзінде олардың көбі мәтін және сурет әзірлеумен қатар, адамдарға қарағанда бағдарламаларды бірнеше есе жылдам жазады. McKinsey зерттеуіне сәйкес 2030 жылға қарай күнделікті операциялардың көбі жасанды интеллекттің мойнына ілінбек. Осыған байланысты білім беру мен IT-инфрақұрылымды жақсы құру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі болуға ұмтылуы керек. Ол үшін әр өңірдің өз IT-хабы мен заманауи IT-мектептері болуы тиіс.

«Табысты мысалдар бар. Атап айтқанда, Алматы және Қарағанды облыстарында өңірлік IT-хабтар мен мектептер жұмыс істейді. Осындай оңтайлы тәжірибені басқа өңірлерге де кеңінен тарату қажет», — деді Премьер-Министр. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы стартап-жобаларды дамыту мәселесінде сұрақтар көп екенін алға тартты. Жалпы бастапқы кезеңде оларды қолдауға көңіл бөлінгенімен, әрі қарай бизнесті кеңейтуге қаражат табылмай қалады. 

«Оның соңы жобаның орта жолда тоқтап қалуына әкеледі. Мұның барлығы IT-индустрияның дамуына кедергі келтіреді. Саланың экспорттық әлеуеті жоғалады. Бұған ірі бизнесті, банктер мен венчурлық қорларды және басқа да құралдарды тарту қажет. Біз қолда бар барлық мүмкіндік пен ресурсты пайдалануымыз керек», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының айтуынша, программистерді, дизайнерлерді, инженерлер мен осы саланың өзге де мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін IT-мектептер құру, IT-мамандарды оқыту бағдарламасын әлемдік трендтерге сай барынша икемді етіп жасау қажет, сондай-ақ студенттер мен тәжірибе алмасу үшін жетекші университеттермен тағылымдамадан өту бағдарламаларын жолға қою керек.

Сөз соңында Премьер-Министр әлемдік тәжірибені ескере отырып, венчурлік қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін заңнамаға түзетулер әзірлеуді, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаты есебінен стартап-жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қарауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
6 комментариев
  • Karol
  • 21-11-2026, 22:46
  • : 22:46
If you care more about simplicity and minimum deposit accessibility, Wild Tokyo’s AU$15 entry point makes it the most bankroll-friendly option for new payid pokies real money players entering the market. Pay ID has matured into one of the most practical ways for Australians to play online casino games with real money, and the six aussie PayID casinos in this guide represent the strongest current options across speed, bonus value, game depth, and minimum deposit accessibility. Pay ID works as a first‑class deposit method at every casino in this list, which means you can unlock the main welcome offer with a Pay ID deposit and still complete your online casino PayID withdrawal once wagering requirements are met. The trade‑off is that you need to be realistic about wagering and withdrawal caps if you chase the full package, but for payid pokies Australia players who approach it as a structured series of sessions, Slotsgem is one of the strongest bonus-focused casinos with PayID available in 2026. References: chat.spectre.app
  • Elaine
  • 21-11-2026, 22:52
  • : 22:52
Methods such as digital wallets offer speed and security. Finding the fastest payout online casino is really a question of using the right payment method to deposit and withdraw from your account. They are also very secure and safe, with a well-honed customer service team to resolve queries as speedily as possible. This is the main reason, alongside their speed, for using them, and Bitcoin is popular for similar reasons. An instant withdrawal casino’s security and safety is dependent on the payment method that you use to take the money out of your account. References: ilerikultur.org
  • Kathy
  • 26-11-2026, 01:52
  • : 01:52
These pokies online payid titles combine accessibility with the chance for significant wins. Popular titles are distinguished by high return-to-player percentages, varied volatility, and engaging features. These operators are known for their strong game libraries, consistent payout times, and AUD compatibility. This balance of affordability and reliability has positioned $10 payid casino operators as a top choice for Australian online pokies payid real money enthusiasts. Many operators allow players to begin with just ten dollars, making $10 payid casino sites ideal for newcomers and budget-conscious punters. References: https://www.freelancer-gilde.de
  • Venetta
  • 26-11-2026, 02:16
  • : 02:16
Das Casino hat eine Lizenz in Curacao und ein Qualitätszeichen von einem unabhängigen Wirtschaftsprüfer eCOGRA erhalten. Eine Auszahlung über das Klarna Zahlungssystem ist nicht möglich. Die minimal mögliche Zahlung für dieses System in Betroom24 beträgt 20 Euro. Betroom24 ist ein neues Online Casino mit Sofortüberweisung. Die Nutzung von Sofortüberweisung ist mit der mobilen Online Casino Anwendung für Android-Systeme kompatibel. Die Höchstgrenze für das Abheben von Geldern über das System beträgt 2.000 Euro pro Tag. References: comunidadedocaminho.com
  • Mireya
  • 26-11-2026, 02:55
  • : 02:55
Trustly selbst berechnet Gebühren primär gegenüber den Händlern, nicht gegenüber den Nutzern. Mögliche Kosten können ausschließlich durch die eigene Bank entstehen. Spieler zahlen dabei direkt über ihr Online-Banking ein, ohne sensible Kontodaten an die Online-Spielothek weiterzugeben. Sie benötigen lediglich Zugang zu Ihrem Online-Banking-Verfahren, eine separate App ist nicht erforderlich. References: https://survivalgeargurus.com/
  • Jessie
  • 26-11-2026, 13:04
  • : 13:04
If you’re used to the structure of other wallets like MiFinity or Jeton, or if you prefer decentralized crypto wallets such as Trust Wallet or Phantom, you may find the initial transition different. There are a wide number of MuchBetter casinos in Canada as this payment method is gaining popularity among players. You can sign up for a free MuchBetter account as a resident of Canada. As you can see in the image above, there are some charges when making deposits and withdrawals at MuchBetter online casinos. References: oldweirdherald.com
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды