Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлытау облысында күзетшіге шабуыл жасаған азамат ұсталды

Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында металл қабылдау пунктіне шабуыл жасалды. Бейтаныс азамат күзетшіні тапаншамен қорқытқан, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Тәртіп сақшыларының сөзінше, 24 маусым күні сағат 02:30-да Сәтпаев полиция бөліміне металл қабылдау пункттерінің біріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына бірден құқық қорғаушылар аттанған. 57 жастағы күзетші шамамен түнгі сағат екі шамасында белгісіз біреу келіп, металл қабылдау пунктіне өткізу үшін бұйымдар алып келгенін айтқан.

Күзетші оны ғимаратқа кіргізген соң ол тапаншасын алып, ақша беруді талап еткен. Жәбірленуші барлық ақша кешкі уақытта өткізілген соң кассаның бос тұрғанын айтқан. Сол сәтте ер адам оның телефоны мен 300 теңгесін алып, көзден таса болған. Күзетшінің көмегімен күдіктінің фотороботы жасалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті қолға түсті. Ол өз кінәсін мойындады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады