Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 14 тамызда елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1239 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 233, Алматы қаласында - 145, Шымкент қаласында – 17, Ақмола облысында – 83, Ақтөбе облысында – 50, Алматы облысында - 9, Жетісу облысында - 19, Атырау облысында - 33, Шығыс Қазақстан облысында - 16, Абай облысында - 17, Жамбыл облысында - 24, Батыс Қазақстан облысында - 84, Қарағанды облысында - 186, Ұлытау облысында - 18, Қостанай облысында - 94, Қызылорда облысында - 20, Маңғыстау облысында - 26, Павлодар облысында - 81, Солтүстік Қазақстан облысында - 74, Түркістан облысында - 10. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 376 968-ге жетіп отыр. Сонымен қатар өткен тәулікте 1737 адам коронавирустан жазылып шыққан.
15-08-2022, 09:07
Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз