Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 11 тамызда елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1643 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында, деп хабарлайды kazlenta.kz
Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласында - 370, Алматы қаласында - 185, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 109, Ақтөбе облысында – 82, Алматы облысында - 16,Жетісу облысында - 53,Атырау облысында - 48, Шығыс Қазақстан облысында - 29,Абай облысында - 26,Жамбыл облысында - 33, Батыс Қазақстан облысында - 118, Қарағанды облысында - 191,Ұлытау облысында - 37,Қостанай облысында - 89, Қызылорда облысында - 22, Маңғыстау облысында - 34, Павлодар облысында - 105, Солтүстік Қазақстан облысында - 78, Түркістан облысында - 10.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 374 277-ге жетіп отыр. Сонымен қатар өткен тәулікте 2186 адам коронавирустан жазылып шыққан.
12-08-2022, 09:24
Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз