Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда 26 жастағы полицей көз жұмды

Ақтауда тамыздың 2-нен 3-іне қараған түні 26 жастағы полиция қызметкері мойнынан алған пышақ жарақатынан қайтыс болды. Күдікті қамауға алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Lada.kz басылымының хабарлауынша, 3 тамызға қараған түні сағат 03:50-де кезекші бөлімшеге 17-шағын аудандағы ауладан мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы ер адамды жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға алып кеткені туралы ақпарат түскен.  Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Марқұмның еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері екені белгілі болды.

Полицейлер күдіктіні анықтап, қамауға алды. Ол 27 жастағы азамат болып шықты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.Ал әлеуметтік желілерде марқұм мен күдіктінің фотосуреттері пайда болды, сонымен қатар марқұмның Ақтау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы екені туралы құжат жарияланған. Оған сәйкес, марқұм ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеген, 22 шілдеден бастап еңбек демалысында болған.                                                                                                    
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді